ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АДАЛДЫҚТЫ ЖЫРҒА ҚОСҚАН АЙТЫС АЛАМАНЫ ӨТТІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен және Отырар ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Адалдық — асыл қасиет» атты жас ақындар айтысы өтті.
Ұлттық өнерді ұлықтап, адалдықты өлең-жырмен өрнектеген шараның негізгі мақсаты – ұлттық болмыспен біте қайнасқан адалдық пен ар тазалығын жастар арасында қайта жаңғырту, туралық пен әділдікті қазақтың төл аспабы – домбырамен дәріптеу.
Айтыс аламанына өркениет ордасы атанған Отырардың жас ақындарынан бөлек, Бәйдібек ауданының жүйріктері де сынға түсіп, бақ сынады.
Төл өнерге ұлағатты ұстаз, Ы.Алтынсарин медалінің иегері Жұмагүл Нәлібаева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Сандуғаш Әділбекова, айтыскер ақын Дәурен Полатбаев төрелік етіп, сүбелі сөзі мен орамды ойын ортаға салған айтыскерлердің өнерін бағалады.
Сөз өнері сынға түскен сайыста Бәйдібек ауданынан келген Рахат Аман мен отырарлық Сұлтан Сәуірханның өнері аламанның көркін қыздырса, бәйдібек ауданның жүйрігі Нұртілеу Төленбек пен отырарлық оғлан Даниял Болысбек әділқазылар алқасын тәнті етті.
Айтыс соңында сөз алған Отырар ауданы әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов парасатты жастар — ел ертеңінің берік іргетасы екендігін айрықша атап өтіп, сөз маржанын терген жас ақындарға арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтарын табыс етті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.