ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына артиллериялық зеңбіректен 25 дүркін оқ атылады

Бүгін Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Қытайда өткен «I am a singer» атты танымал конкурста жүлделі екінші орынға ие болған қазақ елінің мақтанышы Димаш Құдайбергеннің құрметіне бір қауым ел жиналды. Кәсіби әншілер бақ сынаған жобада Димаштың вокалы, ән айту шеберлігі мен ерекше дауысы миллиондаған қытайлықтың ғана емес, бүкіл әлемді мойындатты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қазақстан» ОКЗ-ға қызыл кілеммен жүріп келген Димаш Құдайбергенді халық үлкен қошеметпен, «Қазақстан, алға, Димаш, самға!» ұранымен қарсы алды.

Концерт залының кіреберісінде астаналық жастар Димаш құрметіне арнайы флешмоб ұйымдастырды. Жүзге жуық адам «жүрек» құрды.

Мерекелік кешті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы құттықтау сөзімен ашты.

Әйгілі айтыскер ақын Жансая Мусина есімі барша әлемге танылған отандасына салтанатты арнау орындады.

Кештің құрметті қонақтарының қатарында Димаштың ата-анасы – елімізге танымал музыканттар Светлана және Қанат Айтбаевтар, оның ата-әжесі, сонымен қатар бүгінде шәкіртімен мақтана алатын ұстаздары да болды.

Димаш ата-анасымен орындаған «Асыл анашым» әні көрерменнің көңілінен шықты.

Кеш барысында Бибiгүл Төлегенова мен Асанәлi Әшiмов видео арқылы батасын  берсе, өзі оқитын оқу орнының басшысы Айман Мұсақожаева сөз сөйлеп, естелік сыйлық табыстады.

Димаш өзiне тәлім берген ұстаздарының атын атап, орнынан тұрғызып, халық алдында алғысын жеткізді.

Димаш Құдайберген жастарға үлкен мүмкіндік беретін, әлемдік сахналарға жол ашатын Елбасының саясатына ризашылығын жеткізді.

«Бiздiң қазiргi таңда емiн-еркiн, қалаған халықаралық байқауда бой көрсетуге ықпал етiп, жағдай жасаған, шет мемлекетке шыққанда басымызды тiк көтерiп, Қазақстан деген елденмiн деп мақтанып айтуға үлкен септiгiн тигiзген, заманауи Қазақстанның негiзiн қалаған Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа үлкен алғыс айтамын», — дедi ол.

Министр Арыстанбек Мұхамедияұлы қазақтың дәстүрімен Димаштың атасына шапан жауып, әжесіне камзол кигізді.

Димашқа өнегелі тәрбие берген әжесі де халыққа ризашылығын білдірді.

«Димаш төрт ай бойы шетелде жүріп, өз үйін, туған жерін қатты сағынды. Осындай сәтте оның құрметіне жиналған барша қазақтандыққа алғысым шексіз. Оны көкке көтеретін де, қошеметке бөлейтін де – халық. Сондықтан, балам халқы үшін еңбек етіп, қазақ атын әлемге танытсын», — деді әжесі Миуа Низамутдинова.

Сондай-ақ, Димаш Құдайберген байқауда орындаған «Ұмытылмас күн», «SOS», «Дайдидау» әндерін шырқады. Қытайдан келген әнші Ұшқын Жамалбек те арнау-әнін орындады.

 

Айта кетейік, Димаш Қытайдан бүгін таңертең ұшып келді.

Сондай-ақ, 27 маусымда «Астана Арена» стадионында Димаштың жеке концерті өтеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.