«БАСИЕСІЗ ЕЛДІҢ ИТІ ОСЫРАҚ» ДЕГЕН ОСЫ ЕМЕС ПЕ?

Масқаралық!

Қазақстандықтардың әлеуметтік желісінде өзін «адаммын» деп жүргендердің бірінің «төбе шашты тік тұрғызатын» сорақылыққа барғаны желдей есіп жатыр.

Адам тітіркенетін сұмдық еліміздің бас қаласы Ақорданың төрінде жасалынған.

Беталдылықпен білгенін істейтін астаналық Ю.Толочко өзінің Марго деп атайтын қуыршағына дүркіретіп үйлену тойын өткізген. Адамдардың ессізденген заманының келгені шығар, қуыршақтың күйеуге тиген тойына құттықтап келгендердің бейнесуреттері еліміздің әлеуметтік желілерінің бетін жаулап жатты. Рухани азғындықты әспеттеуден аулақ жүреді есептелетін KAZ NUR.KZ порталы осы былғанышқа араласқан соң, біздегі идеологиялық жұмысымыздың қай деңгейге түскенін бағамдай беріңіз.

Күні кеше Алматыда әйелдердің наразылығы жасалған кезде осы Ю.Толочко бір жыныстыларды қолдаушылардың басын қосып, айғай-шу шығарды. Қоғамдық-көпшілік орнында мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатына жат бағыттардың үгіт-насихатын жүргізудің көрігін қыздырды.

Бір қызығы, тәртіп сақшыларының біреуі бұл бодибилдерге, қоғамдық орында әдепсіздік жасаушының біреуіне бір сөз сөйлеуге жарамады.

Бұлардың ойлап отырғаны еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де қауіпті пандемия дертінен кем еместігі есі бүтін адамдардың екісінің біріне белгілі болғанының өзінде салғырттық таныта-тынымыз өкінішті-ақ.

 Ә.Мұратбеков.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.