Саентология шіркеуі
Пайда болуы, құрылымы, әрекеттері, қауіптілігі Саентология шіркеуі АҚШ-та ХХ ғасырдың 50-ші жылдары пайда болды. Негізін салушы Лафайет Рон Хаббард (1911-1986). Ол өз ілімін “Дианетика: ақылды ойдың саулығы туралы бүгінгі заманғы ілім” атты еңбегінде қорытындылаған.
Қазіргі кезде «Саентология шіркеуін» Давид Мэс-квидж басқарады, орталығы Лос-Анджелесте, діни басқармасы Клируотерде (Флорида штаты), негізгі Еуропалық орталығы Копенгагенде.
Саентология шіркеуі Ресей, АҚШ, Англия, Австралия елдеріндегі саентологиялық ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан. Саентолгтардың пікірінше, тіршілік ету бір шеңберге шоғырланған, ол сегіз серпіннен құралады.
1. Адамның өзі ортада тұр; 2. Отбасы; 3. Топтар; 4. Адамзат; 5. Өмірдің барлық кейіптері; 6. Табиғат ғаламы; 7. Рухани ғалам; 8. Шексіздік немесе Жоғарғы Тіршілік иесі.
Саентологияға байланысты адам өлімдері көп кездеседі. Лизы Макферсон 18 жасында саентологияға келді. Көлік апатына ұшыраған ол ауруханаға түседі. Бірақ саентологтар оны алып кетеді. Өз орталықтарына орналастырады. Медициналық жәрдемге рұқсат бермейді. 17 күннен кейін қыз қайтыс болады. Қыздың қайтыс болу себебі медициналық жәрдем бермеуден деп сот ұйғарым шығарады.
Патрис Вик 1988 жылы Францияда оқуға ақша таппай терезеден секіріп өледі. Оның әйелі саентологтарды сотқа берді. Сот 1996 жылы Патрис Виктің өліміне Лион қаласындағы саентологтар шіркеуінің басшысы кінәлі деп табады. Шіркеу басшысы алаяқтық жасаған. Сондай-ақ сот саентологтардың 14 мүшесіне алаяқ деп кінә таққан. Осыдан соң Францияның Премьер-Министрі саентологтарға қарсы түсіндіру жұмысын талап еткен.
Грег Башов саентологтардан көңілі қалып машинаның түтініне қарап уланып өледі. Алберт Жакуер депрессиядан өлді. Қаржысыз қалды. Саентологтар оның 1 млн. доллар қаржысын қайтармай қойған.
Саентологияға барған азаматтардың мұндай қайғылы қазалары көптеп кездесті.
Саентология шіркеуінде священниктің төрт түрі бар: одитор, кейссупервайзер, капеллан. Л.Р.Хаббардтың көптеген еңбектері саентология оқуының әр түрлі аспектілерін танытады. Оның кітаптары негізінен саентология мен дианетикаға арналған. Бірінші топқа: «Дианетика: рухани денсаулықтың заманауи ілімі», «Өмір динамикасы», «Өзіндік анализ», «Дианетика: ілім эволюциясы», «Дианетика — 55» және т.б. жұмыстар жатады.
Саентология дінге жатпайды, ол дәстүрден тыс негізде өктемдікпен адамды баурап алатын жеке тұлғаның арқасында дүниеге келген культ.
Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген.