Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ДЕННІҢ САУЛЫҒЫН КҮЗЕТЕТІН ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ӘДІЛДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық үгіт-насихат Штабының Ел Президенті қол қойған Заңнамаға сәйкес, енгізілген өзгерістерді таныстыру бойынша кезекті кездесуі Түркістан қалалық орталық ауруханасында өтті.

Ақ халаттылармен өткен кездесудің негізгі мақсаты — ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

ҚР-ның Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер сөз болған жиында облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев пара алу, пара беру, делдалдық ету сынды қылмыстарға көрілетін жаза түрі күшейтілгенін мәлімдеді.

Үгіт-насихат жұмыстарының соңында дәрігерлердің үніне құлақ түріп, абзал жандар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға нақты жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

admin

АРЫСТЫҢ МИНЕРАЛДЫ СУЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

admin

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

admin