Аманжан Жамалов, Мәжіліс депутаты: Бұл елдегі орташа жалақыдан 2 есеге жоғары

Былтыр бюджеттен тыс қорларға түскен жарналар мен аударымдардың жиынтық сомасы 1,8 триллион теңгені құраған. Бұл республикалық бюджетке түсетін корпоративтік табыс салығынан да көп.

Қазір бюджеттен тыс қорлардың шығыны парламент пен есеп комитетінің бақылауынан тыс қалды. Бұл миллиардтаған теңге. Мәселен, 2019 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығындары 5,8 миллиард теңгеден асты. Жұмысшылардың еңбекақысына 4,4 миллиард теңге жұмсалған. Егер мұны қордың барлық 850 қызметкеріне бөлсек, әрбіріне айына 434 мың теңгеден келеді. Бұл елдегі орташа жалақыдан 2 есеге жоғары.

ӘМСҚ-ның қолжетімді қаржылық есептілігін зерделесек, қордың төрт басқарма мүшесіне 77 миллион теңгеге жуық сыйақы төленген, яғни әрқайсысына – 19 миллион теңгеден. ӘМСҚ-ның басқарма мүшесі халықтан жалақысының қанша екенін осы үшін де жасырған шығар. Коммерциялық құпия деп ақтала бастады, өкініштісі, бұл жағдай адамдардың жарнасы мен аударымдары есебінен ұсталатын мемлекеттік қорда болып отыр. Осыған ұқсас миллиардтаған сома басқа қорларда да бар.

Бюдежттен тыс қорлардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін әкімшілік шығындар мен еңбекақыға жұмсалатын қаржы туралы ақпаратты барынша ашық көрсетудің стандарттарын бекіту қажет.

sputnik.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.