Шымкентте 3 күнде масаң күйде көлік басқарғаны үшін 9 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында үш күндік «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қала аумағында масаң күйде көлік тізгіндеген 9 жүргізуші ұсталды.
Аталған жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша тиісті әкімшілік шара қолданылды.
Тәртіп сақшылары автокөлік иелеріне мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік қарастырылғанын және жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.