Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Рота сержанттары кәсіби біліктілігін арттыруда

Шымкенттің механикаландырылған бригадасында рота сержанттарымен жиын өтті. Оқыту шеңберінде дене шынықтыру дайындығы, әскери техникаға қызмет көрсету, жеке құрамменжұмыс бойынша дәріс және нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді.

 

Сержанттар бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы мен бөлімнің күнделікті тыныс-тіршілігін ұйымдастыруда тәжірибе алмасты.

— Сержанттар – кезкелген бөлімшенің негізі. Олар жеке құраммен тікелей жұмыс істейді. Бөлімшенің жауынгерлік дайындығы сержанттың басқаруға, бұйрықтар беруге және жауынгерлік міндеттерді орындауға қабілеттілігіне байланысты, — деді механикаландырылған бригаданың сержанты 1-сыныпты сержант Рауан Әлімбетов.

Жиын соңында бригаданың кіші командирлік құрамы қызметінің қорытындысы шығарды.

Сержанттарға сарбаздарды жеке оқытуда, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті сақтауда, сондай-ақ күнделікті қызметті ұйымдастыруда маңызды рөл берілетінін атап өткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

БАУ-БАҚШАСЫ ЖАЙҚАЛҒАН ТҮРКІСТАН

admin

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ МӘРМӘРМЕН ҚАПТАЛУДА

admin

ТҮРКІСТАНДА ТАРИХИ СӘУЛЕТ ҮЛГІСІНДЕГІ ШЫҒЫС МОНШАСЫ АШЫЛДЫ

admin