Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер карантин шектеулеріне бағынбаған лоундж-барды анықтады

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік     іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 25-маусымында сағат 00:25-те аудан аумағында орналасқан  «Мята» лоундж-бары  карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады. «Ashyq» бағдарламасына тіркелместен, қызметкерлер мен даяршылар лоундж-бар  ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, тиісінше тыйым салынғанына қарамастан келушілерге қор-қор ұсынғаны да белгілі болды.

Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған лоундж-бар  әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған  іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыға бағынбай, әлі күнге той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын қатаң ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ҚОЙМАЛАРЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

admin

Анамды аяймын

admin

2020 ЖЫЛЫ ТҮЛКІБАСТА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР САНЫ 3 ЕСЕ КӨБЕЙГЕН

admin