Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізуде

     Ағымдағы жылдың 8-шілдесі, сағат 21:52-де, кезекті рейд барысында Еңбекші ауданының тәртіп сақшылары Рысқұлов көшесінде орналасқан киім-кешек дүкені карантин талаптарын сақтамағанын анықтады. Яғни кәсіпкерлік нысан 20:00-ден кейін келушілерді қабылдап, жұмыс істеп тұрған. Сонымен қатар, дүкен жұмысшылары келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.
Аталған жайт бойынша жинақталған құжаттар мекеме әкімшісіне ҚР ӘҚБтК-нің 425 -бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Пара алу да, беруде ауыр күнә!

admin

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

admin

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ 6 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ КӨШЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНДЫ

admin