Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте көлік жуу бекетінің кассасынан қаржы жымқырған алаяқ ұсталды

2021 жылдың 7-шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесі №91 үйде, орналасқан көлік жуу бекетінде «Ш» есімді азамат сеніп тапсырған 33.000 теңгені кассадан жымқырғанын көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді.
Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ АБСОЛЮТТІ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

admin

ОЛАРДЫҢ ЖАЗЫҒЫ – ЕЛДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН АҢСАҒАНЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАШЫҚТАН ОҚУҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

admin