Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте карантин режимін сақтамаған кезекті лоунж-бар анықталды

Еңбекші ауданының полицейлері Тәуке хан даңғылы бойында  орналасқан лаунж-бардың карантиндік талаптарды бұзып,  сенбі күні түнгі 23:04-те келушілерді қабылдап, қызмет көрсеткенін  анықтады. Аталған мекеме «Ашық» бағдарламасына тіркелмей, 17:00- ден кейін жұмыс жасап жатқаны және 5 үстелде тұтынушылардың қор-қор тұтынып отырғаны белгілі болды. Сонымен қатар, қызметкерлер келген қонақтардың дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен  (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

 

Ұқсас жаңалықтар

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

ҚАЗЫҒҰРТ ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

admin

ҰЛТ.РУХ.АМАНАТ

admin