Шымкент: Полицейлер тұрғындарға медициналық бетперде таратуды жалғастырып жатыр

Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «COVID-19» инфекциясының алдын алу мақсатында игі іс-шара өтті. Миллионды қаланың көшелері мен көпшілік орындарда полициейлер медициналық бетперделерді тегін үлестірді. Арнайы белгісі бар бетпердені тарату барысында полицейлер Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы Қаулысына сәйкес, қала аумағындағы карантин талаптарының сақталуына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, акция барысына қала тұрғындарына 1000 дана тегін медициналық маска таратылды. Ондағы мақсат — азаматтардың бетпердені ұдайы тағып жүру қажеттігін түсіндіріп, арнайы дағдыны қалыптастыру. Қауіпті індетпен күресу барысында медицина қызметерлерімен бірге полицейлер алдыңғы шепте жұмыс атқарып келеді.
Осы орайда, полиция қызметкерлері жергілікті жұрттан сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.