Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Жұмыс та жоқ, ақша да жоқ

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азамат жұмысқа кіргізіп беремін деп 1.000.000 теңгесін алып, осы уақытқа дейін жұмысқа кіргізбей немесе ақшасын қайтармай алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу  барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына бөгде адамдарға сеніп, алданып қалмауға кеңес береді.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢ БҰЗҒАН 27 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ КЕЛІСІМШАРТЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

admin

Шымкент: Жаңаталаптағы көпір күрделі жөндеуден өтті

admin

Мақсат: Тәуелсіздікті тұғырлы ету

admin