Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер танысының телефонын ұрлаған азаматты ұстады

2021 жылдың 28-шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, «Н» есімді танысы өзіне тиесілі маркасы «OPPO A5C» құны 60.000 теңге тұратын ұялы телефонын қоңырау шалуға сұрап алып, байқамай тұрған кезінде қашып кеткенін көрсеткен.
Әл-фараби АПБ Криминалды полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, жедел басқару орталығының бейнекамерасы арқылы көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар – жоғы тексерілуде.
Осы орайда, Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары азаматтарды сақтыққа шақырып, бағалы заттарын автокөлік ішінде, дүкенде, ойын– сауық орталықтарында қараусыз қалдырмауын сұрайды.

 

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ, БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ

admin

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

admin

ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІ МАМАНДАР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ ҚАЙТА ЖАҢАРТУҒА АТСАЛЫСАДЫ

admin