«ТҰРАН» КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Түркістан қаласында Футболдан Olimpbet-Қазақстан кубогының төртінші тур ойындары өтті. Түркістан облысының «Тұран» командасы өзінің алаңы «Түркістан Аренада» Алматының «Қайрат» футболшыларын қабылдап, тартысты өткен бәсекеде 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Тартысты кездесудің бірінші кезеңінде
«Қайрат» 3:0 есебімен жеңіп тұрған. Алайда қайсарлығын көрсеткен «Тұран» командасының ойыншылары бапкерлердің қойған тактикасын дұрыс орындап, 4:3 есебімен жеңісті жұлып алды. Команда құрамында Мардан Төлебек алғашқы голдың авторы атанса,  Дінмұхамед Омаров екінші голды еншісіне жазды. Ал, команданың нигериялық шабуылшысы Стэнли Нкоби екі голдың авторы атанып, аса тартысты өткен кездесуде әріптестеріне жеңіс сыйлады.
Енді 8-ші тамыз күні тұрандықтар Olimpbet-Қазақстан кубогы үшін өтетін кезекті турда өз алаңында Ақтаудың «Каспий» командасына қарсы ойнайтын болады. Жерлестерімізге сәттілік серік болсын!

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.