Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте полицейлер карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауда

   Әл-Фараби  ауданының тәртіп сақшылары Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Наурыз» бильярд клубының карантин талаптарын бұзып, «Ашық» бағдарламасына тіркелмей, 23:00-ге дейін жұмыс жасап тұрғаны белгілі болды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысан жұмысшылары медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.

     Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

     Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

 

Ұқсас жаңалықтар

КЕНТАУДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ КҮШ САЛЫНҒАН

admin

Түркістан облысында тіркеу науқаны жүріп жатыр

admin

ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin