Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

ШҚО-да шегірткелер қаптап кетті

Желіде ШҚО-ның Аягөз ауданында қалың шегірткенің көшіп бара жатқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды  qazaqjoy.kz      BAQ.kz ға сілтеме жасап.

ҚР АШМ өкілдері егіс алқаптарына ешқандай зиян келмегенін, тиісті алдын алу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.

Ал облыстық агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аумақтық инспекциясы өкілдері биыл шегірткенің көп екенін, олармен күрес жүріп жатқанын айтып отыр.

«Аягөз ауданының аумағында су жиналатын қамысты орындар көп. Сондықтан мұндай жерлерде шегірткелер тез көбейеді. Қазір біз аумақты зиянкестерден тазалаудамыз. Аягөз ауданында 26 мың гектар жерде тиісті шаралар жүргіздік. Шегірткені жою жұмыстары жалғасуда», — дейді өсімдіктерді қорғау бөлімінің бас маманы Гүлжан Құсайынова.

Сонымен қатар, аталған инспекция бөлімі Үржар ауданында да шегірткемен күресті жалғастыруда. Қазіргі таңда 7,2 мың гектар жер залалсыздандырылған.

Ұқсас жаңалықтар

ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҰМЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

admin

ПАНДЕМИЯМЕН КҮРЕСТЕ КӨЗ ЖҰМҒАН ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТТІ

admin

Шымкент: Тұран АПБ жеке құрамы парасаттылыққа тексеру жобасын талқылады

admin