«Қорық Құдайдан, қайт райдан» (бала-шағаны нәпақадан айыру ма?)
Мақтаарал ауданының Жылысу ауылдық округіндегі «Жылысу-1»
ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі мен «Береке-2050S» өндірістік кооперативі арасындағы жарты жылдан асқан дау-жанжалдың зардабын қарапайым халық тартуда. Күн қақтаған Мырзашөлдің диқандарының шынайы тыныс-тіршілігін өз көзімен көргендердің жүрегі сыздайды дер едік. Оны тілмен жеткізу мүмкін емес.
Қазір дала диқандарының егістік жер-ле ріне су қоюды бір күн түгілі, бір сағатқа кешіктірудің өзі орны толмас қасірет әкелетіндігі санасында саңылауы барға да
түсінікті.
Демек, дені саудың тір лігін жасауға қолы бармай, «соқыр мол даның» күйіне
түсе қойған «Қазсушар» РМК-нің біздің облыстағы филиалына қарасты Мақтаарал
аудандық бөлімшесі бас шылығы мыңдаған жерлестерінің суға иелік ету таласын дер
кезінде, тоқтаусыз шешуі керек еді. Өзекті мәселені өзге жұрт тан артық білетін осы
мекеменің қыз мет керлерін ел-жұртына жанашыр, халық тың қызметшісі деп айта
аламызба?Демек, бізде беталдылықтың бел алғаны да. Болмаса, өте жақсы түсініп тұрып, су берудің саудасын сөзбұйдалыққа салуға болмас еді ғой. Осы мекеменің алды «Джип», соңы «иномарка» мініп жүрген қызметкерлері еңбек адамын сыйлауды
қоя тұрып, Құ дайдан қорықс а, «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш баланы ойламайдының» кебін келтіріп, бүкіл аудан-ды шулатпас еді ғой. Дана бабаларымыздан қалған: «Қорық Құдайдан,
Қайт райдан,
Қайтпасаң райдан,
Қорықпасаң Құдайдан
Айырмаң не сенің,
Тоғайдағы торайдан» дегенін есіне алған аудандық мекеменің қызметкерлері болса, ел-жұртын сыйлап кезекшілікке тұрса да, жерлестерін өкініште қалдырмайтын игі тірліктің басынан табылар еді.
Кешегі «ішің кепкір» кеңестік кезеңнің елім деген «ақжүректері» болмаса, қазіргі ақша билеген заманның адамдарына ондайды ойға алудың өзі күлкілі шығар, әсте. Ел ішінде үлкен алаңдатушылық тудырған осы даулы мәселеге аудан әкімінен бастап, аудандық құқық қорғау органдары, т.б. тиісті мекемелер араласқанымен, соңғы нүкте қойылмай келеді. Басты себеп, «арты диірмен тартатын» күштілердің, ақшалы «бай-манаптардың» мүддесі бір болғандықтан, заңсыз әрекеттердің өзі көзге ілінбей қалып, қарапайым халықты айт қанға көндіріп, айдауға жүргізуге апару болса керек.
«Бейшара көнеді, бейабыр жеңедінің» кері ме?
Жылысу ауылдық округі аумағындағы елді-мекенде тұратын дала диқандарына бұрын «Бірлік» селолық су тұтынушылар кооперативі су жеткізіп берумен айна лыс-қан. ҚР 29.10.2015ж. заңының 42-бабына сәйкесССТК- ны ауыл шаруашылығ ы коопе ра-тиві етіп қайта құру немесе таратуға міндетті болса, ол талап орындалады. Осы ССТК-ға мүше болып отырғандардың енді «Жылысу-1» ауылшаруашылығы коопера тивін құруына тура келеді. «Жылысу-1» АШӨК-ге аумақтағы К-29-б каналынан 1237 га, жерге су алатын 103 шаруа қожалығы,ол К-21- 92-ден 130 га су алатын 144 шаруа қожалығ ы, У- 9 НС бойындағ ы каналдан 480 га жерге су алатын 61 шаруа қожалығы бірігіп, Елбасыныңқойған талабына сай 300-ден астам шаруа қожалығын біріктіретін ауданда ірі АШӨК болып құрылады.
Жылысу ауылдық округі әкімі 23.12.2016ж. №627 және 19.12.2016ж. №649 қызмет хатын жолдап, «Қазсушар» РМК облыстағы филиалының Мақтаарал аудандық бөлімшесіне «Бірлік» ССТК орнына жаңадан құрылған «Жылысу1» АШӨКтің
заңды тұлға болып табылатынын хабарлаған. Осы хаттардың негі зін де және «Жылысу1» АШӨК өтінішіне сай «Қаз сушар» РМКнің облысымыздағы филиалы «Жылысу1» АШӨКпен су жеткізіп беру қызметін атқаруға 04.01.2017ж. №181731/1646
келісімшартқа тұрады. Сөйтіп, диқандар шаруашылықтарын жүргізуге толық мүмкіндік алады.
Бірақ, нағыз еңбек адамдарының қуанышы ұзаққа созылмайды. Қарапайым еңбек адамдары бас көтеріп, АШӨК құрып, суды жеткізуді өз қолдарына алғандары өздерін «тәуірлердің» қатарына есептейтін бай бақуатты «пысықайлардың» түн ұйқысын төрт бөле бастайды. «Бал ұстаған бармағын жалайды» дегенді жақсы білетін «данышпандар» енді іс-қимылға көшеді. «Жылысу1» АШӨК-ге
мүше болып кеткендерді адам орнына да көрмей, оларды сырттай өздері құрмақшы
болған «Береке2050S» АШӨКке мүше ете салады. Қолдан жалған тізім жасапалған соң,
Жылысу ауылдық округі әкімі нің бұрынырақ қолға түсіріп алған блан кісіне 19.01.2017ж. жазылған №17 қызмет хатын да: «Жылысу-1»
аШөк-ке берілген ұсыныс хатты жарамсыз деп табуыңызды сұранамын. «береке-2050S» АШӨК жаңадан құрылып заңды тұлға болып табылады»деген жалған
«Ұсыныссымағын» алып, «Қаз сушар» РМК ОҚФ Мақтаарал аудандық бөлімшесіне келеді. Қазір «Береке2050S» АШӨКтің қолында «Қазсушар»РМК ОҚФ басшысы М.Егеновтың «Береке2050S» төрағасы С.Адамбековпен 04.01.2017ж. жасасқан №181731/1649 санды «Бірыңғай шарты» бар, бұл келісімшартқа қойылған басшының қолынан басқа аудандағы мекеме басшысы Х.Урманов пен оның төрт қызметкерінің қолы тұр. «Береке2050S» АШӨКтің осы жалған құжатының қалай жасалғанын мақтааралдықтар төмендегіше жыр етіп айтады. Аудандағы судың басшысы Х.Урманов 21.01.2017 жылы қайтыс болғанына дейін ауданда бір сыбыс естілмеген. Мекемеге басшы болып ақпан айында Б.Алипбековтың келуінен кейін Б.Алипбеков пен Қ.Ақыновтың араласуымен «Береке2050S» АШӨК «заңды» құжаттың иесі болып шыға келеді. С.Адамбековтың ағайыны болып келетін Б.Алипбеков «майлы жілікті басын» қарапайым еңбек адамдары ұстап, олардың мәзмейрам болуын құптамаса керек. Оның үстіне «өзім дегенде өзегін суырып берер» сәт келгенде, халық, заң дегендерді әспеттеп
отыр атын заман ба? Қазір ақша мен билік тұрғанда қарапайым халықты таптап тастау
«проблема» болып па? Бұл соның нақты көрінісі шығар әсте.
Жетісайдың жігіттерінің жүрегінде түк емес, 200-дік шеге ме?
Жоғарыда айтқанымыздай, «Береке-2050S» АШӨКті қ ұру үшін «Жылысу1» АШӨК мүше болып жүргендерді сырттай тартып, тізімге ендіріп жібереді. Олардың өтініштерін сыртынан жазып, кезкелген адамға қол қойдыра салған.
Екінші, «Береке2050S» берілген ауыл әкімі А.Қасымбековтың «ұсыныс хаты» ауадан алынған жалған құжат. Кезінде С.Адамбековтың ағасының баласы Сапарбек Шыңғысхан Жылысу ауылдық округінде әкімнің орынбасары болып істеген көрінеді. Субсидия беруде, т.б. заңбұзушылықтардың орын алуына жол берген «замакимды» жұртшылық бір нәрсені білмесе, неге айыптайды? Бүкіл елді шулатып отырған «Береке2050S» АШӨК ке 19.01.2017ж. берілген ауыл әкімі А.Қасымбековтың жалған №17 қызметтік хатының дайындалуын Сапарбек Шыңғысханға апарып тіркеп сөйлеуді негізсіз деп айта аламыз ба? 19.01.2017ж. дайындалған №17 хатқа ауыл әкімі А.Қасымбеков пен осы ММнің бас маманы С.Аликулов және ИП «Дүйсекеев Е» мекемесі басшысы қол қойып жасалған 16.01.2017ж. №454 актідегі «…бұрынғы дөңгелек мөрі қайшымен қидалау арқылы жойылды»деген мөрдің «қайта тіріліп» кеткендей 19.01.2017ж. хатқа басылып тұрғандығын қалай түсінуге болады?
Не деген көзсіздік? Ресми құжат дайындауға бұрынғы мөр басылған қағазға ауыл әкімі
А.Қасымбековтың қолын сыртынан қойып өткізгенде ешкімнің де беті «бүлк» етпеген ғой.
Ауыл әкімі А.Қасымбеков «Қазсушар» РМК ОҚФ Мақтаарал аудандық бөлімшесі
басшысы Б.Алибековке жолдағ ан 07.02.2017ж. №87 қызметтік хатында: «Жылысу ауылдық округі аумағының тұрғыны азамат адам-беков саден ауешовичке ауылдық округі әкімі тарапынан ешқандай ұсыныс хат бері лмеген. 19.01.2017ж. №17 Шығыс хаты ауылдық округі әкімі аппаратының шығыс журналына тіркеуге алынбаған, сол үшін
С.Адамбековтың сіздерге ұсынылған ұсыныс хаты жарамсыз деп танылуы
қажет…С.Адамбековтың тарапынан ұсы-ныл ған ұсыныс хаттың нақты нотариалды
бекітілген түпнұсқасының көшірмесі мен басқа да құжаттардың көшірмелерін жол-дауыңызды сұраймын»,-деп жазады.
Бұл ауданда мемлекеттік мекеменің мөрі басылған қағаздарды жымқырып, басшының сыртынан қол қойып, заңбұзушылықпен ресми құжаттар дайындау түк емес болса, соның ішінде заң органынотариуске дейін жүргенін білгенде еріксіз жағаңды ұстарсың.
Бұрын «Бірлік» ССТК басшысы болып жүргенде С.Адамбековтың қызметін пайдаланып заң бұзушылық әрекетке барған былықтары әшкереленіп, ісі сотқа дейін жетеді. Бізде заңбұзушыларды жазалаудан оңай нәрсенің жоқтығы шығар, С.Адамбеков те «Мемлекеттің миллиардын жеп, жинаған миллиардын төлеп», бостандықта тайраңдап жүргендер сияқты төлейтінін төлеп, аяғын ұзын арқан, ең тұсауға салып қана қоймай, «Бал ұстап бармағы жалауға» қайтадан кірісіп кетеді. Ненің күші батылдық бергенін қайдам, жалған тізім, жалған ұсыныс хатты қолдан жасап алып отырыпақ, АШӨК ретінде бірнеше каналдың суының берілуіне билігін жүргізу үшін С.Адамбеков «Қазсушар»РМК облыстағы филиалымен Бірыңғай шартқа отыруға дейін қолын жеткізеді. Ал жерлестері болса, оны еркінсітіп отырған аудандағы су мекемесі басшысы Б.Алипбековтен бастап, облыстағы
филиалдың бас есепшісі болған танысының ықпалы мен оның сыбайластарының қолдауы ғой деп күйінеді.
Заң аяқтың астына қалғанда кез-келген кеудемсоқтың «атқан оғын» «ондыққа» тигізетіндігі шығар, Е.Адамбеков 19.06.2017ж. алған жалған ұсыныстың өзіненақ «Бірыңғай шартты» «Жылысу1» АШӨК келісімшарт жасасқан 04.01.2017 жылмен бір күнде берілген етіп жасатқаны Бір ауылдық округ тегі бірдей каналдарға иелік етіп отыруға бір күнде екі бірдей АШӨКпен Біріңғай шарт жасасатындай осы филиалдың қызметкерлеріне не көрінген? Құжатты көрмесе, есіткен адам айтқаныңа сенбес еді. Дәл сол (04.01.2017ж.) күні бұл филиалда бір үлкен «фуршет» болып, қызметкерлердің қызықтан қолы босамағаны ма, әлде дәл сол күні мекемеде бір адамның әріптерді ажыратып оқуға шамасының келмей қалғаны ма, әйтеуір түсініксіз тірлік С.Адамбеков осы күнгі «жеңісімен» өз жерлестеріне өзінің қолынан не келетінін көрсетіп, дөңайбат жасағанын байқатқандай болыпты.
Заңбұзушылық тірліктерімен қарапайым халықты алдына салып айдағысы келетіндердің «жүрегінде 200дік шеге» болғаны ма, сонда. Беталдылыққа кеткендерден заңды қорғайтын бұл аудандағы құқық қорғау органының лақтырған таяқ басына тиетін қызметкерлерінен не пайда, есіткенде жантүршігерлік сорақылықтардың сорпасы сорғалап жататынын тыя алмаған соң.
Сотқа сандалудың соңы қашанға созылады?
Мақтаарал ауданының әкімі Ғ.Исмаиловтың облыс тық соттың төрағасы Т.Баратбековке 17.07.2017 жолдаған шығыс №4442 қызметтік хатында біраз мәселенің мәнжайы су бетіне шыққандай болыпты. Аудан әкімі осы мәселе бойынша 05.07.2017ж. құқық қорғау органдары мамандарының «Жылысу1» АШӨКке біріктірілген
шаруа қожалықтарының төрағаларымен қабылдау өткізеді. Онда «Қазсушар» облыстық филиалы тарапынан «Жылысу1» АШӨКке «Бірыңғай шартта» көрсе тілген су көлемі босатылмай, керісінше су билігі «Береке2050S» АШӨКке беріліп, диқан дардың жұмыс істеуіне кедергі жаса лын ғаны ашып айтылып, К2192 және К216 каналдарынан шаруа қожалықтары су ала алмай әуре-сараңға түскендері сали қалы сөз етіледі. Аудан әкімі бас қосу ды қортындылауда ел тұрғындарын заң талап тарын сақтап,сабырлылық көрсетуге шақырып, өз тарапынан тиісті тапсырмаларды
беріп жібереді.
Амал не, беталдылыққа кеткендердің берекебірлікті бытшыт ете алатындығы шығар, Оңтүстік Қазақстан облысының мамандан дырылған ауданаралық экономикалық сотының ісі №516517002І1893 бойынша 27.06.2017 жылғы: «қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстар комитетінің шаруашылық жүргізу құқындағы «қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіп орнымен «береке-2050S» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі арасында түзілген 04.01.2017 жылғы №18-17-31і16-49 санды суармалау үшін суару суын жеткізу жөніндегі қызметкерді ұсынуға арналған бірыңғай шартты келісім шарты жарамсыз деп танылсын»деген шешіміне қарамай «Береке2050S» АШӨК төрағасы С.Адамбековтың ағасының баласы Сапарбек Шыңғысханның «судың билігі бізде» деген кеудемсоқтығынан басталған «Жылысу1» АШӨК мүшесі Қанат Сеиловпен болған даужанжалдың аяғы суық қару қолданып, дене жарақатын салған қылмыстық әрекетке дейін жеткенін аудан әкімі облыстық сот төрағасы Т.Баратбековке үлкен өкінішпен хабарлапты. Әкімнің хатында осы жосықсыздыққа жол берілген даулы мәселе шаруа қожалықтарының наразылығын тудыруға жеткізіп, жергілікті жерде қоғамдықсаяси тұрақтылықтың, бірлік пен татулықтың сақталуына сызат түсіріп ел ішінде арызшағымның дендеп кетуіне әкеп соқтырғаны салмақты сөз етіліп көрсетілген.
Қазір дене жарақатын салып төбелесуге дейін барған екі азаматқа қатысты іс Мақтаарал АІІБның СДТБТне №175144031000774 санымен ҚР ҚКнің 107бабының 1бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергептексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ал Жылысуды қойғанда Жетісай жақтан ел ағалары мен ақсақалдар бас көтеріп, елдің атына сын болатын болды, екі «тентектің» төбелесімен қалың елжұрттың берекебірлігін кетіріп, елдің ынтымағына селкеу түсіруіне жол бермейміз деген үн шығара алмай отырған көрінеді. Суға таласқан қазақтың жігіттері сотталып, түрмеге айдалса, соған намыстанатын қазақ жігіт терінің Мырзашөл жақтан табылуы қиын, «сарттанған» сыңайымыз бар деп, отыра бермек пе, Мақтааралдықтар? Әкімнің сот төрағасына жазған хатында жылдың жаз мезгіліндегі шілде айында егіншіліктің ағын суды молынан қажет ететіндігін көрсете келіп, судың өз уақытында, әрі толық берілмеуі өнімнің өте төмен алынуына әкеліп, Жер анадан үміттенген балашағанын нәпақасыз қалатындығын үлкен алаңдаушылықпен жеткізіліпті. Бір емес, екі бірдей сот өтсе де нүктесі қойылмаған даудың зардабын сезінген аудан әкімі кәсіби істәжірибесі мол, адам өмірінің тыныс-тіршілігін тереңнен білетін басшы Т.Баратбековке бір үмітпен қарайтын сыңайлы.
Жылысулықтардың сотқа сандалып сарсаңға түсуі ауыл әкімі А.Қасымбековтың Мақтаарал аудандық су бөлімшесінің басшысы С.Алипбековке 07.02.2017ж. №87 қызмет хатын жолдап, онда жалған құжаттар мен «Береке2050S» АШӨКті құрған С.Адамбековтың тапсырған №17 санды ұсыныс хатын жарамсыз етіп тануды талап етумен басталған. А.Қасымбековтың бұл хаты «Қазсушар» РМК облыстық филиалына жеткізіледі.Мәселенің мәнжайына қаныққан облыстық филиалдың бас инженері Т.Балпиков аудандағы бөлімше басшысы Т.Алипбековке «Береке2050S» АШӨКпен 04.01.2017ж. жас алынған №181731/1649 келісім шарттың тоқталатыны туралы 10.02.2017ж. №181731/01240 санды хабарлама жібереді. Бұл хабарламаны таныстырып, суға иелік ету «Жылысу1» АШӨКке қалатындығы айтыл ғаннан кейін С.Адамбеков сотқа Т.Балпиковтың жіберген хабарламасының күшін жою туралы арыз түсіреді.
Облыстық мамандандырылған аудандық экономикалық сотында 15.03.2017ж. судья А.Дусалиевтың төрағалығымен қаралған іс №2259/17 бойынша талапкер С.Адамбековтың талабы негізді деп табылып: « «Береке2050S» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің талап қою арызы толық қанағаттандырылсын» деген шешім шығарылады.
Соттағы іс қарауда болатын сот тергеуі тиянақтылықпен дұрыс жүргізілсе, сотқа дейінгі тергеуді бірнеше айлап жүргізетін тергеушілердің жиып тергені де және сотқа талап арыз берушілердің сорғалатып әкелетін дәйек темелері де соттың әділ төрелігімен ақиқатты мойындауға мәжбүр болады. Судья А.Дусалиевтың осы тірлігінде бір асығыстықтың бары байқалады десек, қателеспеспіз. Судья С.Адамбековтың 04.01.2017ж. №181731/1649 Бірыңғай шартынан басқаны көргісі келмеген облыстық ірі мекеменің басшысының бірі Т.Балпиковзаңды түрде жасалған келісім шарт болса, оны тоқтатылсын деп пәрмен беретін «ойын баласы» емес шығар. Судья А.Дусалиевтың осыған сергектікпен қарап, мәселенің мән-жайын сот тергеуінде «жаңғақша шағып» шашып тастағанында, С.Адамбековтың талап арызы жайына қалып, оның «Береке2050S» АШӨКтің заңсыз құрылғаны әшкереленіп, оның өзінің Бірыңғай шартының күшін жойып, дәл осы даулы мәселеге сол күні-ақ нүкте қойылмас пе еді?
Судья А.Дусалиевтың «Қазсушар» РМК облыстық филиалына «Береке – 2050S» АШӨКтің талабын қанағаттандырып, оның «2017 жылғы 4 қаңтардағы №181731/1649 келісімшарты бойынша міндеттемелерін орындауға міндеттеуге» деп шығарған шешімі С.Адамбековтың қолына «биліктің қамшысын» қайта ұстатқандай болғанына наразы болған «Жылысу1» АШӨК те сотқа жүгініп, «Береке – 2050S» АШӨКке берілген Жылысу ауылдық округі әкімінің ұсыныс хатын және оның 04.01.2017ж. №181731/1649 Біріңғ ай шартын жарамсыз деп тану талап арызын береді.Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 27.06.2017ж. судья А.Жүсіпованың төрағалығымен іс №516517002/1899 бойынша «Қазсушар» рмк-мен «береке – 2050S» аШөк арасында түзілген «04.01.2017жылғы №18-17-31/16-49 санды суармалау үшін суару суын жеткізу жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған біріңғай шартты келісім-шарты жарамсыз деп танылсын»деген шешім қабылданып, даулы мәселеге нүкте қойылғандай болған. Бірақ, осы сот шешімін мойындамаған болса керек, «Береке – 2050S» АШӨК жігіттері арада он күн өтпей жатып жылысулықтармен қанды төбелеске дейін барады. Және судья А.Жүсіпованың «Жылысу1» АШӨК талап еткен, Жылысу ауылдық округі әкімі А.Қасымбековтың «Береке – 2050S» АШӨКке берген «№17 ұсыныс хатын жарамсыз деп тану» талабының «қанағаттандырусыз қал дырылғанын» да С.Адамбеков өзінің қолындағы «көзіріне» есептейтін көрінеді. Жылысудың аумағында тыныштықты сақтауға елжұрттың алаңдаушылық білдіріп отырғаны да тектентек емес сияқты. Ауыл әкімінің №17 ұсыныс хатын бір жағына шығаруға судья А.Жүсіпованың алысжақын шет елдерден сарапшы мамандар әкелетіндей болып, «қара аспанды суға алдырғандай» болғаны түсініксіз-ақ.
Қорыта айтқандай, заңбұзушыларға тиісті жазаның берілмейтіндігі, осындай беталдылықтың дендеп, жұртшылықтың билікке деген сеніміне селкеу түсіретіні анық.
Қараңыз, ауылдық округте ММнің жалған құжатты жаса ғандар анықталғанда, не шара
көрілді? Ешнәрсе де. Марқұмның сыртынан құжатқа қол қойылды. «Мынау не?» дейтін жан жоқ. Бір ауылдан бір күнде 2 АШӨК келісім шартқа отырады. «Бұл қалай?» дейтін адам жоқ. Облыста тірлік әкімге, заң прокурорға ғана керек сияқты. Ал басқамыз үшін «моя хата с края» ма?
Әділ Мұратбеков