Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАНДА 1500-ГЕ ЖУЫҚ ЖҰП НЕКЕ ҚИДЫ

Түркістан қаласында «Ынтымақ үйі» өз жұмысын бастады. Үкметтік емес ұйымдарды біріктірген орталықта Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы, қалалық әйелдер кеңесі, қалалық қоғамдық келісім кеңесі, сонымен қатар ата-аналар мен педагогтар комитеті жайғасты. Ғимарат «Жеңіс» саябағында орналасқан.
Жалпы, Түркістан қаласында Үкіметтік емес 21 ұйым бар. Облыстық ақсақалдар алқасының атынан сөз алған Жарылқасын Әзіретбергенов, әйелдер кеңесінен Ұлжан Әбенқызы қоғамдық белсенділігі жоғары ұйымдарды бір шаңырақтың астына жинаудың маңыздылығын айтып, ел игілігі жолында бірлесе көтерген жүктің жеңіл болатынын тілге тиек етті.
Түркістан қаласында жыл басынан бері 1437 неке қиылса, 49 шаңырақ шайқалған. Сонымен қатар, 8 айда 666 қылмыстық құқық бұзушылық дерегі тіркелген. «Ынтымақ үйіндегі» алғашқы жиында осы тақырып төңірегінде ой бөліскен ұйымдар қоғамдағы келеңсіздіктердің алдын алу бойынша ортақ жоспар түзіп, жұмыс жүргізуге келісті.

 

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРЛЕРІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КЕЛІССӨЗ ӨТКІЗДІ

admin

«ТҮРКІСТАН – ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ ҒОЙ!» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

admin

Жақсы дайындық жеңістің кепілі

admin