Қоғамдық жұмыстарға тарту-түзеудің бір түрі

Қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза-сотталған адамның жергілікті атқарушы органда оның тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз қоғамдық жұмыстарды орындауынан тұрады.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза заңды күшіне енген сот үкімінің көшірмесімен бірге сот өкімі пробация қызметіне келіп түскен күннен бастап 10 күндік мерзімінен кешіктірілмей орындалады. Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылауды сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі жүзеге асырады. Қоғамдық жұмыстарға тарту  жүкті әйелдерге 3 жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге, 3 жасқа дейінгі жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге , 58 жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, 63 жастағы және ол жастан асқан еркектерге,1 немесе 2 топтағы мүгедектерге, әскери қызметшілерге тағайындалмайды.

Абдуллаева  Айсұлу  Бақытжанқызы,

Шымкент қалалық №3 ПҚ бөлімінің инспекторы әділет аға лейтенанты.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.