Керек кеңес. Тыртықтан құтылғыңыз келсе…
* Лимон шырыны
Лимон шырынын тыртыққа күнделікті жағып отыру керек. Бұл емді нәтиже шыққанша жалғастырыңыз. С дәруменіне бай лимон шырыны дөңкиіп тұрған теріні жұмсартып, орнына келтіреді және қызарғанын (кейбірі көгергенді) басады.
* Алоэ вера
Ол терінің қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Алоэ вера шырынында С және Е дәрумендерінің мөлшері көп. Олар теріні жасартып, емдейтін антиоксиданттар екені белгілі.
* Аспирин
2 таблетканы ұнтақтап, қоймалжың болуы үшін 1 тамшы су тамызыңыз. Оны тыртыққа жағып, кеуіп қалғанда сумен жуып тастаңыз. Бұл емді күнделікті қайталаңыз.
* Бал
Бал теріні қажетті дәрумендермен, минералдармен және антиоксиданттармен қамтамасыз етеді. Тыртық болып, қатайған теріні жұмсартып, терінің табиғи түсін қайтарады. Сондай-ақ терінің жаңа жасушаларының түзілуіне әсер етеді.
* Алма сіркесуы
Оның да қатайған теріні жұмсартатын, түсін қайта қалпына келтіретін әсері бар. Сондықтан күніне бірнеше рет алма сіркесуымен тыртықты сүрту пайдалы.
* Сарымсақ майы
Онымен де тыртықты емдеуге болады. Егер сарымсақ майы табылмаса, сарымсақтың өзін езіп алып, тыртыққа басу керек.