Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Спорт

«Астана» футбол клубы әлемдегі ең мықты жүз клубтың қатарына енді

«Астана» футбол клубы әлемдегі ең мықты жүз клубтың қатарына енді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ға сілтеме жасап.

«Астана» футбол клубы УЕФА рейтингінде 96 сатыда тұрақтапты.

Қазір «Астана» футбол клубы «Бордо» (Франция), «Вест Хэм» (Англия), «Лилль» (Франция), «Штуттгарт» (Германия), «Партизан» (Сербия), «Панатинаикос» (Греция) командаларынан жоғары тұр.

Сонымен қатар, УЕФА рейтингінде «Астана» клубы басқа қазақстандық клубтардың алдында екен. Айта кетсек, «Ақтөбе» 179 орын, «Қайрат» (Алматы) — 192, «Шахтер» (Қарағанды) — 194 орын, «Ертіс» (Павлодар) — 265, «Ордабасы» — 278 орын.

Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Астана» клубының қарсыласы болған польшаның «Легия» (Варшава) командасы рейтингте 61 орында жайғасқан.

 

Дерексөздер Baq.kz  сайтынан алынды.

Ұқсас жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ЧЕМПИОН БОЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: IV-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕСКЕК ЕСУ ШЕБЕРЛЕРІ ЖАҢА МАУСЫМДЫ 30 ЖҮЛДЕМЕН БАСТАДЫ

admin