Әлеуметтік сала қызметкерлері – әлеуметке қамқор

Әлеуметтік сала қызметкерлері белгілі бір көмекке мұқтаж адамдарға демеу болатын адам ғана емес, сонымен қатар, қоғамның әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін де қоса біледі.

Бүгінде әлеуметтік саланың қызметкерлері тағдыр тауқыметін тартып, түрлі жағдайларға тап болған немесе мүмкіндігі шектеулі жандармен бірге біте қайнасып, олардың тыныс-тіршілігімен етене араласып, күнделікті тіршілігіне қолғабыс жасайды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйіне барып қызмет көрсететін Ғазиза Асабаеваның осы салада жұмыс жасап жүргеніне 21 жыл болған. Қазіргі таңда Ғ.Асабаева Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде №4 бөлімшенің күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкері болып жұмыс атқарып келеді.

Осындай жүгі ауыр көшті бастап жүрген Ғазиза Мусырманкұлқызы секілді «әлеуметтік қызметкер» атағын абыроймен алып жүрген, өз жұмысына шын ықыласпен кірісетін әлеуметтік қызметкерлер еңбегін ерекше атап өтуге болады. Олар үшін өзгенің проблемасы деген түсінік жоқ, қиналған адам көрсе қолұшын созып, қолынан келген көмегін көрсетеді. Әлеуметтік қызметкерлердің осы салада тұрақтап қалуы да осы қасиеттерінде.

Бұл жерде адамның діні, нәсілі, ұлты, жасы, білім деңгейі немесе қоғамдағы мәртебесі маңызды емес. Тек қана кең жүректі, адами бейнесі айқын, өзінен гөрі өзгелер болсын дейтін адамның ғана қолынан келері анық, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Әлеуметтік сала қызметкерлері қандай құрметке де лайық жандар.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.