Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер интернет желісінің кабелін ұрлап кеткен азаматты анықтады

2021 жылдың 2желтоқсанында Еңбекші АПБ-на «102» нөміріне жергілікті тұрғын арызданды. Ол онда белгісіз тұлға ұзындығы 600 метр интернет желісінің кабелін ұрлап кеткенін көрсеткен.

Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлермен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді.

Қазіргі таңда кабель ұрлаған азаматтқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тергелуде. Аталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

Өз кезегінде Шымкент қаласының полицейлері ұрлық жайты орын алмас үшін заттарыңызға мұқият болып, яғни сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.

Ұқсас жаңалықтар

Елордалық әртістер Ақтөбеде өнер көрсетеді

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ГАЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАППАЙ ТЕКСЕРІЛЕДІ

admin

Тәрбие тал бесіктен

admin