Шымкенттіктен 5 келіден астам марихуана тәркіленді

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында есірткіні ірі көлемде заңсыз алып жүрген азамат ұсталды.
Алынған жедел ақпарат негізінде тәртіп сақшылары 1975 жылы туылған ер азаматты Тауке хан даңғылы бойында анықтап, тоқтатқан. Тексеру барысында аталған азаматтан 2 үлкен қорапта жалпы саны 200 дана полиэтилендік пакетке бөлініп салынған, өзіне тән хош иісі бар марихуанаға ұқсас зат анықталып, тәркіленді. Тиісті сараптаманың нәтижесіне сай есірткі затының салмағы 5 кг 82 гр құрады.
Еңбекші ауданының Полиция басқармасымен аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексі 297-бабының 3-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) тіркеліп, қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.