Шымкенттік полицейлер бейнебақылаудың көмегімен автокөлік ұрысын бір тәулікте ұстады

Ағымдағы жылдың 18-желтоқсанында Абай ауданы Полиция басқармасының «102» арнасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда ол, үйінің ауласында тұрған «Opel» маркалы автокөлігін белгісіз біреудің күндізгі сағат 13:00-15:00 аралығында заңсыз иемденіп кеткендігін айтқан.
Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК 200-бабымен (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) тіркеуге алып, жедел іздестіру шараларына кірісті.
Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері оқиға орнына жетіп, жедел-тергеу амалдарын жүргізді. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған азаматты құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін қажетті барлық шаралар атқарылды. Жақын аймақтар мұқият тексеріліп, бейнебақылау жүйелері жіті қаралды. Нәтижесінде, небәрі бір тәулік ішінде көлікті заңсыз иемденіп кеткен азаматты қала аумағынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Ол 40 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер тұрғындарға көлік ұрлығын болдырмау үшін, көліктерін бейнекамерамен жабдықталған және жарықтанған автотұрақтарға қою керектігін ескертеді. Ал автокөліктерге құжаттарды, үй кілтін, бағалы заттарды қысқа уақытқа болса да тастап кетуге болмайтынын жеткізеді.
Егер де, Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз полицияның «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.