Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныОрнықты ой, орынды сөз

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты. Сырдария өзені биыл тартылып қалды деуге болады

Бабалардан қалған “Жұт жеті ағайынды” деген сөз бар. Сырдария өзені биыл тартылып қалды деуге болады. Өйткені трансшекаралық өзенге қатысты көрші елдермен ең болмаса бір млд. куб су алудың жолдары жасалынбай қалды. Қазір Шардара су қоймасынан секундына 500 куб.су жіберілуде. Шілденің аяғында бұл көлем тағы да қысқартылуы мүмкін, өйткені Шардараның өзіне жоғарыдан су түсіп жатқан жоқ.

Демек, Қызылорда облысының Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы, Қазалы аудандарының күріш дақылдары сусыз қалады. Бұл аудандардың негізгі күнкөрісі – күріш пен бау-бақша өнімдері . Су жетпесе ала жаздай диханшылардың еткен еңбегі зая кетеді деген сөз.

Жуырда бір топ егіншілермен кездестім. “Сіздер “егін ек, мал бақ, күндеріңді көріңдер” дейсіздер, Сырдарияда су жоқ, еккен егініміз судан қалып бара жатыр” деп зар қақанда қалай жұбатарымды білмедім.

Министр мырза, бәлкім өзіңіз, болмаса су комитетінің төрағасы облысқа барып, қалыптасқан жағдайды өз көздеріңізбен көріп, тез арада шешім қабылдамасаңыздар кеш болып қалады.

ult.kz

Ұқсас жаңалықтар

Ел Президенті Қытайға барды

admin

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ «АҚЫЛДЫ» МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin