Шымкент гарнизонында әскери қызметшілердің құқық тәртібі мәселелері талқыланды

«Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасының 2021 жылда қалай атқарылғаны жөнінде әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының ведомствоаралық кеңесі отырысындақорытындыланды.

 

Кеңес отырысына әскери құқық қорғау органдарының басшылары, Шымкент және Арыс гарнизондарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің басшылығы мен жауапты лауазымды тұлғалар қатысты.

Өз сөзінде гарнизонның әскери прокуроры қатысушылардың назарын қылмыстық, құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті нығайту қажеттігіне назараударды.

Құқық бұзушылықты жою шараларын қабылдауға, жұмысты жетілдіруге, халықаралық тәжірибені пайдалануға және құқық бұзушылықтың алдын алудың жаңа әдістері мен тәсілдерін әзірлеуге назар аударды.

Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар 2022-2024 жылдарға арналған «Армияда қылмысқа орын жоқ» жаңа бағдарламасын талқылады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.