Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЯБАҚ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Түркістан қаласында «Қалалық саябақ» қолданысқа берілді. Саябақтың жалпы ауданы – 27,8 гектар. Мұнда субұрқақтар, веложолдар, демалатын орындар мен сәулеттік нысандар бар.
Дендросаябақ типтес саябақ аумағында 12000 түп ағаш егілген. Сонымен бірге 2360 шаршы метріне гүлдер егілсе, 20476 шаршы метр бөлігіне көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Таза ауамен тыныстап, ой сергітуге қолайлы саябақта аяқжол тақтайшалары мен асфальтты жол төселіп, 710 дана жарықшам орнатылған. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылған. Алдағы уақытта мұндағы көшеттер өсіп, мәуелі баққа айналады деген жоспар бар.
Жалпы Түркістан қаласында 225 гектарды құрайтын 30 саябақ, 34 сквер мен аллея және 129 гектар жасыл алаң бар.

 

Ұқсас жаңалықтар

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді.

admin

ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА НИЕТТІ

admin

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «TURKISTAN» ШОКОЛАДЫ ӨНДІРІЛЕДІ

admin