Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте жұмылдыру жаттығулары өтті

Шымкенттің аумақтық қорғаныс бригадасында командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығулары өтті. Төтенше жағдай режимін енгізу және қамтамасыз ету кезінде арнайы өрістету, іс-шараларды ұйымдастыру және орындау мәселелері пысықталды.

Оқу-жаттығуға Шымкент қаласының, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі әкімдерінің көмекшілері, аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы, қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жұмылдыру дайындығы басқармасының, полиция мен төтенше жағдайлар департаменттерінің және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Шымкент қаласындағы өкілдері тартылды.

Жұмылдыру жаттығуларына қатысушылар алдында алдында Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытындағы шартты апаттың салдарын жою міндеті тұрды. Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес жеке құрам мен әскери техниканы қабылдау пункттері ашылып, резервтегі жеке құрамды мақсаты бойынша міндеттерді орындау үшін жұмылдыру және жауынгерлік әзірлікке келтіру жөніндегі іс-шаралары өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында басқару органдарының ақпаратты жинау және талдау, шешім қабылдау, жоспарлау және бағынышты бөлімшелерге міндеттерді жеткізу бойынша іс-қимылдарының үйлесімділігі тексерілді.

Айта кетсек, аумақтық қорғаныс бригадалары Қарулы Күштердің құрамдас бөлігі болып табылады. Олар белгілі бір аймақта міндеттерді орындауға арналған және осы аймақта тұратын азаматтармен жабдықталған.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТЕГІН ҚЫЗМЕТ ЖАСАУДА

admin

АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРУТЫШЫЛЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ОҚЫТАТЫН ҰСТАЗДАР 100 ПАЙЫЗ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

admin