Әлемнің әйгілі сұлулары сұлулық туралы не дейді?
«Әдемі болу дегеніміз — өз-өзіңе көңілің толу. Менің жасарғым келмейді, жасанды болып көрінгім келмейді. Маған өзімнің жасымда болған ыңғайлы. Мен өзіммен тату тұрамын». Иман.
***
«Әрине, сұлулық ішкі жан-дүниеден басталады деп қайта-қайта айта беруге болады, бірақ жақсы косметика артық болмайды. Себебі, ол бізге табиғат сыйлаған сұлулығымызды сақтап, тіпті одан да әрлі етуге көмектеседі». Карли Клосс.
***
«Шынайы сұлулық — келісті келбет пен әдемі мүсіннен де үлкен нәрсе. Ол өз-өзіңе деген сенімділікпен, өзге адамдарға деген қарым-қатынасыңмен де бағаланады». Ирина Шейк.
***
«Өзіңді сымдай тартылған сымбатты сезінуден тәтті сезім жоқ». Кейт Мосс.
***
«Тіпті мен де таңертең Синди Кроуфордқа ұқсамаймын». Синди Кооуфорд.
***
«Иә, менің мүсінім қалыптасқан модельдерге тән мүсін емес. Бірақ, біреулердің ауыр сыны мені арықтауға мәжбүрлей алмайды. Маған осы қалпым ұнайды. Және мен осы қалпыммен мақтана аламын».
Джиджи Хадид.
***
«Меніңше, ең әдемі адамдар — жай ғана жақсы әсер қалдыра алатын адамдар. Олар жүрегіңізді тебіренте алады». Белла Хадид.
***
«Егер не ішіп-жегеніңізді қадағалап отырмасаңыз, онда қоқыс жәшігіне айналасыз». Жизель Бундхен.
***
«Раушан гүлі ешқашан күнбағысқа айналмайды, ал күнбағыс раушан гүлі бола алмайды. Дегенмен, әр гүл өзінше тартымды. Әйелдер де сол сияқты». Миранда Керр.
***
«Мен үшін сұлулық ішкі жан-дүниеңнен басталады деген сөздің жаны бар. Меніңше, сұлу болғаннан гөрі өзіңді сұлу сезіну маңыздырақ. Себебі, егер денсаулығыңыз бен көңіл-күйіңіз керемет болса, сырт келбетіңіз де өте тартымды көрінері анық». Кристи Тарлингтон.
***
«Менің тартымдылығымның құпиясы қарапайым: дұрыс тамақтану, спорт және жақсы көңіл-күй». Адриана Лима.
***
«Бәрі менен қасың өзіңдікі ме деп сұрайды. Мен оларды мүлде дерлік жұлмаймын. Оларға еркіндік бергенді жақсы көремін». Кара Делевинь.
***
«Мынаны түсінгеніміз жөн: модель бизнесінде өмірде жоқ сұлулықтың елесі ғана сатылады». Хайди Клум.
***
«Мен модель ретіндегі жұмысымды жаңа бастағанда бәрі мені өзгертуге тырысты: олардың көзінде мен тым толық, бойым тым кішкентай болдым, олар менің тісімді де ауыстырып тастағысы келді. Бірақ, менің түіснгенім, нағыз сұлулық — өзіңнің табиғи қалпыңа адал болу. Маған әрдайым өз-өзіме сенімді болуға көмектесетін нәрсе осы». Летиция Каста.
***
«Сұлулықты тартымды ететін не нәрсе? Тек ол туралы әркімнің көзқарасы әртүрлі екендігі ғана». Тайра Бэнкс.