Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықСпорт

ТҮРКІСТАН: БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ ЖАС СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облыстық Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп интернат колледжінде дарынды жас спортшылармен кездесу өтті. Жиынға Елордадан арнайы республикалық Дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік және талдау орталығының басшысы Қыдырбек Рысбек келіп, жас буынға спортта жеңіске жету жолында қажетті қасиеттер турасында сөз қозғады. Сонымен қатар, кездесуге бокстан әлем чемпиондары Біржан Жақыпов пен Қайрат Ералиев және балуан, Азия чемпионы Мейіржан Шермағанбет қатысты. Спорт мамандары мен жас буын өкілдері спорт саңлақтарымен кездесу барысында тәрбие, білім және еңбек жайлы ақыл-кеңестерге қанық болды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІНДЕ ЖОСПАР КӨП

admin

Шымкенттік полицейлер жұмысқа кіргізіп беремін деп 700.000 теңгесін иемденіп кеткен азаматты ұстады

admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖҮЙЕЛІ НЕГІЗДЕ ЖОЮ ЖӨНІНДЕ ЖОСПАР ӘЗІРЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ

admin