Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер жол ережесін бұзғандарды жауапқа тартты

Әлеуметтік желілерді бақылау барысында бірнеше видео анықталды, онда түлектер мінген кортеждер жол қозғалысы ережелерін бұзған.

Шымкент қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Hundai Accent, Toyota Land Cruiser және Toyota Camrу автокөліктерінің жүргізушілерін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», 593-бабы «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» және 606-бабы «Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы» бойынша жауапкершілікке тартты.

Жалпы, 25 мамырда Шымкент қаласының патрульдік полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 132 жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартты, оның ішінде 10 автокөлік айыптұрағына орналастырылды.

Полицейлер жүргізушілерге өзінің және жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігі үшін Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

 

Шымкент қ. ПД Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: КАРАНТИН ҚҰРЫЛЫСҚА КЕДЕРГІ ЕМЕС

admin

Бүгін — Жалпыұлттық аза тұту күні

admin

Шымкент: Құжатсыз көлік басқарған 79 жүргізуші жауапқа тартылды

admin