«AMANAT»: АУЫЛ ӘКІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС АЯҚТАЛДЫ

Қазіргі таңда ел экономикасын ілгерілетудің тағы бір тетігі ауыл тұрғындарының табысын молайту болып табылады. Ол үшін ауылды жерде кәсіптік нысан да көбірек болғаны жөн. Осы ретте, «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарының табысын арттыруды көздейтін семинар-кеңес өз мәресіне жетті.

Семинарға Түркістан облысының ауыл және ауыл округтері әкімдері мен партия филиалдарының атқарушы хатшылары қатысты. 11 шілде мен 20 шілде аралығында өткен семинар барысында білікті бизнес-тренерлер ауылда жергілікті тұрғындардың мамандануына қарай бизнес жоспарды жүзеге асырудың тәсілдерімен бөлісті. Бизнес-тренер Жандос Әзімбайдың айтуынша Оқыту ауыл әкімдеріне ауылдардағы үй шаруашылықтарының табыстарын нақты арттыруға қол жеткізуге көмектеседі.

— Оқыту барысында қатысушылар ауыл скринингі мен маркетингтік талдау жүргізуді, ауыл экономикасын дамыту үшін перспективалы бағыттарды анықтауды, ауылдың мамандануын анықтауды үйренді. Сондай-ақ, ауыл әкімдері ауылда әлеуетті табысты бизнес-жобаларды іске асырудың практикалық дағдыларын меңгерді,- деді Жандос Бекенұлы.

Сондай-ақ семинардың соңғы легіне қатысушы Отырар ауданы Талапты ауылының әкімі Сұлтанмахмұт Нәлібайұлы оқу процесінде дағдыларды практикалық жағынан дамытуға баса назар аударылғанын, әр әкім жұмыс дәптерлеріне өз жобасымен нақты жұмыс істегенін тілге тиек етті.

Жыл соңына дейін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы еліміздің барлық облыстарындағы ауыл әкімдері мен партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларын оқытуды жоспарлап отыр.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.