Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗЕКТІ ЖИЫН

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен №1 қалалық клиникалық аурухана ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шарада 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жан-жақты түсіндіріліп, жемқорлықтың алдын алудағы дәрігерлердің рөлі талқыланды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласына қатысты тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің статистикасы айтылып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу туралы ақпарат берілді.
Квазимемлекеттік секторларда енгізілген комплаенс-қызметінің маңыздылығына тоқталған Департамент өкілі, комплаенс мамандарының негізгі міндеттерінің бірі — құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау болып табылатындығын атап өтті.
Жиын соңында тұрғындармен үнемі байланыста болатын маман иелері мамандығынан бұрын адалдықты биік ұстауға, сондай-ақ жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарласуға шақырылды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛГЕН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЗАҢСЫЗ САТЫЛЫМҒА ШЫҚПАУЫ БАҚЫЛАНДЫ

admin

РЕФЕРЕНДУМДА ЕҢ ДҰРЫС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ

admin

Шымкенттік полицейлер көлік ішін тонаған тұрғынды ұстады

admin