Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

АБАЙ АУДАНЫ БИЫЛ ЭЛЕКТР ЖӘНЕ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Қала әкімінің есепті кездесуінде Абай ауданының әкімі Б.Парманов ауданның инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу барысы туралы айтты.

Осы жылы ауыз сумен қамтуды 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл мақсатта Құрсай (Арғымақ) шағын ауданында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Нұршуақ, Батыс, Жаңаталап елдімекендерінде құрылыс жұмыстары осы жылы ақталып, электр желісімен қамтылу көрсеткіші де 100 пайызға жетеді.

Биыл табиғи газбен қамту көрсеткіші 91 пайызға жетеді. Осы мақсатта Көкбұлақ, Батыс, Арғымақ, Ақжар, Ақтас, Ақтас-2, Нұршуақ елдімекендерінде құрылыс жұмыстар басталды, жыл соңына дейін аяқталады. Нұршуақ тұрғын алабындағы жұмыстар келесі жылға өтпелі.

27 мың халқы бар Самал-3 және 6300 халқы бар Солтүстік-батыс шағын аудандары осы жылы кәріз жүйесімен қамтылады. Қамтылу көрсеткіші 41,4 пайызға жетеді.

56,5 шақырымды құрайтын 39 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА ҚАЖЕТТІ ЖЕРЛЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗАҢ НЕГІЗІНДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin

Жетісай ауданында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

admin

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН БӘРІМІЗ ЖӘНЕ ӘРҚАЙСЫМЫЗ ҮШІН

admin