ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын түсіндіру мақсатында кезекті дөңгелек үстел «Hill» ЖШС-де өтті.
Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова тәуекелдер картасы нақты өңірдегі аумақтық органдардың жұмысы үшін бағдар болып табылатынын және халықтың әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқаратын әлеуметтік маңызы бар салаларды қамтитынын атап өтті. Басты критерий — нәтижелер өңірдің азаматтары мен кәсіпкерлері үшін маңызды және пайдалы болуы.
Сонымен қатар, жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оның жауапкершілігі бойынша ақпарат берді.
Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Айта кету керек, осы тұрғыдағы кездесу «ЕвроКристалл» ЖШС ұжымымен де өтті.