Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Әйел әлемі

Сұлулық сыры. Арықтауға арналған жаттығулар

1. Отырып-тұру. 20 рет отырып-тұрудан бастаңыз. Арқаңызды тік ұстаңыз, іштің бұлшықетін ширықтырыңыз.

2. Екі жаққа иілу. Бірнеше мәрте 20 реттен жасау керек.

3. Аяқты көтеру. Жерге бір бүйірмен жатып, аяқты денеден 90 градус деңгейінде көтеріңіз. Әр бүйіріңізде жатып 20 реттен бірнеше мәрте қайталаңыз. Бұл – ең тиімді жаттығу.

4. Велосипед айдау. Жерде жатып, екі қолыңызды басыңыздың астына қойыңыз. Екі аяғыңызды көтеріп, педальды айналдырыңыз. Бұл жаттығу іштің бұлшықетін қатайтады.

5. Шеңбермен жаттығу. Шеңбер немесе хулахуп айналдыру – ең оңай және тез әсер ететін жаттығулардың бірі.Сондықтан, бұл гимнастикалық құралдарды сатып алудан ақша аямаңыз.

Осы 5 жаттығуды күн құрғатпай жасап тұруды әдетке айналдырсаңыз, бір айдан кейін беліңіз жіңішкере бастағанын өзіңіз де байқайсыз.

Айтпақшы, жаттығу кезінде ұннан пісірілген және тәтті тағамдарды шектегеніңіз дұрыс.

 

Ұқсас жаңалықтар

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ

admin

Қадыр ақын әйелдер туралы

admin

Қыздарды ай көрсетер 30 кеңес

admin