Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

АНОНС

2022 жылдың 1 қазанында Түркістан қаласында алғашқы рет «GASTRO FEST TURKISTAN — 2022» атты ең үлкен гастрономиялық фестиваль өтеді. Аталған іс-шараны, Түркістан қаласы Туризм басқармасының «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы өткізеді.

Қаланың  25-тен астам үздік мейрамханасы мен дәмханалары сіздерге ұлттық тағамдар, жергілікті деликатестер мен стрит-фуд дәмділерін әзірлеп береді.

Олардың барлығы бірегей көше тағамдарын: авторлық рецепт бойынша дайындалған және қайта жаңғырған әлемдік хиттер, біздің өңірлер үшін дәстүрлі тағамдарды ұсынады.

Фестиваль концерттік бағдарламалармен сүйемелденеді, онда күні бойы ойындар, жылдам тамақтану бойынша конкурстар, жергілікті аспазшылардың шеберлік сыныптары және тағы басқа қызықты іс—шаралар өтеді.

Туристер үшін фестиваль: Түркістанның «дәмін татуға», оңтүстік қонақжайлылықты сезінуге, қазақ ұлттық тағамдардың тарихын білуге, естен кетпестей тамаша уақыт өткізуге мүмкіндік береді.

Фестивальдің жақсы бонусы ретінде — GastroFest  гастро-картасы тегін ұсынылады. Бұл гастрономиялық картада қаладағы үздік дәмханалардың мәліметтері жиналған. Сіз Түркістанда ең дәмді палаудың дәмін қайда тутаға болатынын, қайда жанды музыка барын, қай мейрамханада тәтті десерттер дайындалып, балалар ойнау алаңқайлары қайда орналасқанын көре аласыз. Серіктестердің және демеушілерінің бірі Coca-Cola компаниясы.

Фестивальдің жұмыс уақыты: 12.00-20.00   

Байланыс номері: 8 775 932 97 56

Өтетін орыны: Түркістан қаласы, г.Туркестан, Президент саябағы

Қатысушылар: кафе, мейрамханалар, наубайханалар, street-food орындары

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 5000 АДАМҒА АРНАЛҒАН МЕШІТКЕ СӘУЛЕТ ҮЛГІСІНІҢ ЕРЕКШЕ ТӘСІЛДЕРІ ҚОЛДАНЫЛЫП ЖАТЫР

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

admin

Шымкенттік полицейлер ұялы телефон ұрлаған азамат анықталды

admin