МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА КАНДИДАТ РЕТІНДЕ ҰСЫНДЫ

Астана қаласында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің отырысы өтті. Жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар мәслихаттарының хатшылары мен депутаттары қатысты.

Келелі басқосуды «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев жүргізіп отырды.

Белгілі болғандай, ұйым атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ұсыну мәселесі талқыланды.
– Тұрақсыз геосаяси әрі экономикалық жағдай кезінде қоғамның бірлігі мен ынтымағы бірінші орынға шығады. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етудегі, мемлекет дамуындағы ерекше рөлін ескере отырып, біз оны алдағы президент сайлауына кандидат ретінде ұсынамыз, – деп атап өтті бірлестік төрағасы Т. Мұқашев.

Сондай-ақ жиында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары — Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев алдағы сайлаудың маңыздылығына тоқталды.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев — аса салмақты саясаткер, биік парасаттың иесі, терең білімді дипломат, кемел басшы. Бүгінде Президентіміз аса күрделі геосаяси жағдайда жаңа Қазақстанның негізін қалап, оның көшін бастап келеді. Шындығында, Әділетті Қазақстан құру жолында елімізде ауқымды реформалар қолға алынып, саяси мәдениеттің қалыптаса бастауы баршамызды қуантады. Сондықтан, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз және Қазақстанымыздың көшін бастауға лайықты тұлға деп білеміз. Оның қазақстандықтарды сара жолдан адастырмай, биіктерге бастай беретініне сенімдімін, — деді Қайрат Рахымұлы.
Отырыс соңында қатысушылар алдағы 20 қарашада өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына Қ.К. Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Айта кетерлігі, бірлестік мүшелері — барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары. Олардың жалпы саны — 3276 адам.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.