ШЫМКЕНТТІКТЕР САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАМЕН ТАНЫСЫП ЖАТЫР

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Шымкент қалалық қоғамдық штаб мүшелері мен сенімді өкілдері Еңбекші ауданында орналасқан «Север» сауда орталығына бардық.
Экспромт кездесуге барған штаб мүшелері Жанар Бектаева, Байкен Аширбаев, Нұрсұлтан Балабиев, Қайрат Сүлейменов, Гүлжайна Жартыбекова, жас толқын Ердаулет Жүнісбековпен бірге сауда орталығында қызмет ететін кәсіпкерлер мен онда келетін тұрғындарға осынау сындарлы кезеңде әр азаматтың байыпты шешім қабылдау қажеттігін айтып, кандидат бағдарламасындағы халықтың тыныс-тіршілігі , еңбегі, денсаулығы, білімі, әл- ауқаты, құқығының қорғалуы секілді бағдарламадағы аса басымдылық берілген тұстары бойынша мәлімет берді. Сондай-ақ, жиналған тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, жерлестерді алдағы саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды.
Дәл осындай экспромт кездесу Қаратау ауданына қарасты «Рахима Плаза» сауда ойын-сауық орталығында, Абай ауданына қарасты «Магнум» сауда үйінде және Әл-Фараби ауданына қарасты «Шымкент Плаза» сауда ойын-сауыө орталығында да өтті. Мұнда да штаб мүшелері қала тұрғындарына сайлауалды бағдарлама туралы мағлұмат беріп, сұрақтарына жауап берді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.