Қазақ халқының бір ерекше тұсы, қыз баласын мейлі келін болып түссін, сол үйдің бүкіл ошақ қасы болып келінді сыйлап, оны төрге отырғызатын болған. Жеңгелері оның кез-келген ерке қылығын көтеріп, кешірімділікпен қарайтын болған. Халықтың қыздың сыбағасы– төс, орны– төр дейтіні содан.
Әке – перзентті болған ер адам
Үлкен әке – әкенің әкесі.
Кіші әке – әкенің інісі.
Ана (шеше) – сәби сүйген әйел заты.
Үлкен шеше – үлкен әкенің әйелі (әже).
Өгей шеше – туған анасы қайтыс болған жағдайда, ажырасқан соң, әкесімен қайта жаңадан отау құрған әйел.
Өгей әке – әкесі қайтыс болып немесе ажырасып кеткен соң, шешесі тиген ер адам.
Ата – әкесінің әкесі.
Әже – әкесінің шешесі.
Нағашы ата – шешенің әкесі.
Нағашы әже – шешесінің шешесі.
Кіндік шеше – туған кезде кіндігін кескен әйел. Қазақта кіндік шешенің жолы үлкен. Бала туғаннан адам болып кеткенше кіндік шеше жағдайын қамтамасыз етіп отырған.
Кіндік әке – перзенттің кіндігін кескен ер адам.
Аға – жасы өзінен үлкен ер адам.
Әпке – жасы өзінен үлкен әйел адам (қыз).
Ағайын-туыс – бір рудың адамдары.
Іні – жасы кіші ер адам.
Қарындас – ер адамдардан жасы кіші әйел (қыз).
Сіңлі – жасы әйел адамдардан кіші қыз.
Бауыр – бірге туған тумасы.
Жамағайын – аталас ағайын-жұрты.
Жеңге – ағаның жұбайы.
Келін – баласының және інісінің жұбайы.
Жиен – ұзатылған қыздан туған бала.
Жиеншар – жиеннен туған перзент.
Дегеншар – жиеншардан туған бала.
Көгеншар – дегеншардан туған бала.
Жиен іні – ұзатылған қыздан (әпке-қарындастан) туған жасы кіші ер адам.
Жиен қарындас – ұзатылған қыздан (әпке-қарындастан) туған жасы кіші әйел адам.
Жиен сіңлі – ұзатылған қыздан (әпке-сіңліден) туған жасы кіші әйел адам.
Жезде – әпкенің күйеуі.
Күйеу – әйел адамның некелескен ері.
Күйеу бала – ұзатылған қыздың не қарындасы, не сіңлілерінің күйеуі (ері).
Қайын ата – әйелінің әкесі.
Қайын ене – әйелінің анасы.
Қайын аға – сол үйдің (қыз жақтың) жасы үлкен ері.
Қайынбике – әйел жақтың әпкесі.
Қалыңдық – атастырылып қойған қыз.
Балдыз – әйелдің сіңлісі (кей жерлерде балдыз деп ер адамды да айтып жатады).
Балдыз келін – қайын інісінің әйелі.
Бажа – әйелінің әпкесіне не сіңілісіне жар болған адам, күйеу.
Нағашы аға – шешесінің аға-інілері.
Нағашы әпке – анасының әпке-сіңлілері.
Нағашы іні – шеше жақтың аға-інілерінен туған жасы кіші ер адам.
Нағашы қарындас – анасының туыстарынан туылған жасы кіші әйел адам (қыз бала).
Нағашы сіңлі – шешесінің аға-інілерінен туған өзінен жасы кіші әйел адам.
Нағашы жеңге – нағашы ағаларының әйелі.
Нағашы жезде – нағашы әпкелерінің күйеуі
Нағашы келін – нағашы інілерінің әйелі.
Нағашы күйеу – нағашы қарындасы пен нағашы сіңлілерінің күйеуі. Бұл «нағашы келін, нағашы күйеу» деген жалпы тұрмыста қолданыста жоқ. Тек түбін қопарып зерделеп, кім екен деп келген кезде туындайтын дерек.
Бөле – туысқан, ағайын адамдардың арасында қыздардан туған бала.
Қарын бөле – бір туған әпкелі-сіңлілердің баласы.
Бөле аға – ер бөлелілердің жасы үлкені.
Бөле қарындас – әйел бөлелілердің жасы кішісі (қыз бала).
Абысын – қайын ағаның әйелі.
Ажын – қайын інінің жары.
Төркін – тұрмысқа шыққан қыздың әке-шешесі мен оның туып-өскен ортасы.
Бел бала – әке-шешесінің өзінен туған төл перзенті.