Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты: … ал көлеңкеде қалған қаржы туралы

Офшорлы аймақтан Қазақстан экономикасына қанша ақша қайтарылғаны туралы және құқық қорғау органдарының әрекеті нәтижесінде жиналған қаражат жөнінде ақпарат берулеріңізді сұраймыз. Бұдан бөлек, Қазақстаннан қаражат алып шығуға қанша рет әрекет жасалған?

Заңсыз шығарылған қаржы жемқорлық болып есептеледі.

Мемлекеттік компания медициналық құрылғыны сатып алуға Маршалл аралдары арқылы төлем жасап, төрт есе көп қаржы жұмсайды. Бұл жөнінде Есеп комитеті мәліметтерінің бірінде келтірілген. Мұндай қаржылар Қазақстан экономикасы үшін жоққа тән. Не жұмыс орындары құрылмайды, не инвестицияланып, өнім шығарылмайды. Шығындар елдің жылдық жалпы ішкі өніміне кері әсер етеді.

Ұлттық банктің мәліметінше, шетке кеткен тікелей инвестициялардың  жалпы көлемі шамамен 113 млрд долларды құрайды, БАҚ мәліметінше оның 58 млрд доллары офшорға кеткен. Бұлардың барлығы ресми аударымдар. Ал көлеңкеде қалған қаржы туралы тек болжап білуге болады.

The Qazaq Times

Ұқсас жаңалықтар

Д.ЕСПАЕВА, Мәжіліс депутаты: …799 зорлау дерегi тiркелген

admin

Т.Әубәкіров: Бар қазақ бiр қазақ емес пе?!

admin

А.ПЕРУАШЕВ, Мәжіліс депутаты: Бұл проблема шешімін тапқан жоқ

admin