Шымкент: Құжатсыз көлік басқарған 79 жүргізуші жауапқа тартылды

  Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты  Патрульдік полиция полкінің инспекторлары жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында күнделікті (тәулік бойы) қызмет атқарады.

Кезекті іс-шара барысында тәртіп сақшылары түнгі уақытта Әл-Фараби алаңында «Toyota» маркалы автокөлігін тоқтатады. Тексеру барысында, жүргізушінің автокөлікті басқаруға ешқандай құжаты болмағандығы белгілі болды.  Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, тізгіндеген автокөлігі айыптұраққа қойылды.

Айта өтетін ақпарат, Шымкент қаласы бойынша жиырма бір тәулік ішінде құжатсыз көлік құралын басқарған 79 жүргізуші анықталды.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.