ЕУРОПА КУБОГЫНДА ҚОС МЕДАЛЬ БҰЙЫРДЫ

Дзюдодан Еуропа Кубогына қатысқан жерлестеріміз  үлкен  жетістікке жетіп, 1 күміс,  1 қоланы қанжыларына байлады.

Байрақты бәсекені Болгария астанасы София қаласы қабылдады. Ұлттық құрама сапынан орта салмақтағы Ғұсман Қырғызбаев барлық қарсыласын ұтып, финалға шыққан болатын. Соңғы сында украиналық қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Артынша 81 келідге дейінгілер арасында белдескен Руслан Мұсаев та жеңіс тұғырына көтерілді. Ол қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алып, соңғы сында қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.

Айта кету керек, отандық  дзюдошылар үшін жыл сәтті басталды. Португалиядағы әлемдің аламанда ұлттық құрама 1 алтын мен 2 күміс жеңіп алды. Тіпті ең жеңіл салмақта қос қазақ қызы финалға шығып, тарихи нәтиже тіркеген болатын. Ал Париждегі бәсекеде қоржынымыз 2 қоламен толықты. Осы жетістіктердің арқасында Қазақстан 2023-2026 жылдар аралығында әлемдік гран-приді қабылдау құрметіне иек болды.

24.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.