БИЫЛ ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒЫТТА 2000-ҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

2023 жылы Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы саны 3242 пәтер жоспарланған болса, оның ішінде 1919 пәтер тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін жеңілдетілген несиелік бағытта қарастырылған. Аталған тұрғын үйлер «2-10-20 Бақытты отбасы» және «5-20-25» несиелік бағдарламалары бойынша Отбасы банк арқылы жүзеге асырылатын болады.

«Бақытты отбасы» бағыты бойынша жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде 20 жылға тұрғын үйді сатып алуға несие беру қарастырылған.  Бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы отбасылар, жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар, сонымен қатар 1 және 2 топ түгедектігі бар азаматтар қатыса алады.

Ал, «5-20-25», «Шаңырақ» пилоттық жобасы бағыты бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде кезекке тіркелген кез- келген азаматқа өтінім беру мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кету керек, 2022 жылы Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған 1641 азамат несиелік баспанаға қол жеткізген болатын.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.