ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түлкібас ауданында көктемнің алғышқы күндерінен бастап аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен көгалдандыру жұмыстары қолға алынды. Атап айтсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде 2021-2025 жылдары республиканың орман алқаптарында 2 млрд. және қалалар мен елді мекендер аумағына 15 млн. ағаш көшеттерін отырғызу тапсырылған болатын.
Осы мақсатта Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан елді мекендерді көгалдандыру үшін тегін көшеттер үлестірілуде. Бүгінгі таңда Түлкібас ауданына 5 700 дана көшет тегін босатылып, алдын ала дайындалған орындарға егілді.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады. Яғни, наурыз айында Түлкібас ауданындағы елді мекендерге көгілдір шырша, туя, писсарди өрігі, сәнді ағаш, қарағай және т.б. ағаш түрлерінің 22 800 көшетін отырғызу жоспарланып отыр.
Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт көгалдандыру жұмыстарын бақылап, аудан орталығының шығыс қақпасы маңында іске асып жатқан көшет отырғызу жұмыстарына атсалысты. Бүгін қосымша 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды.
Айта кетейік, көшеттер отырғызылатын орындар арнайы дайындалып, тиісті басқарма тарапынан бекітілген. Оны суғару, күтіп ұстау, айналасын қоршау тікелей ауыл әкімдеріне жүктелген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.