БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА ЖОЛДАУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Елдің бірлігіне, тұрақтылығына атсалысатын «AMANAT» партиясы бүгінде ел аумағында атқарылып жатқан барлық іргелі істерге ұйытқы болуда. Шыны керек, партиямыз мемлекеттік бағдарламалардың толыққанды іске асуына, сапалы, тиянақты орындалуына бақылау жасау арқылы қозғаушы күшке айналып отыр.

Бүгін мәслихат депутаты, «AMANAT»партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлбекқызы, Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ә.Иманқұлов және БПҰ төрайымы Ж.Танатарова Сайрам-Өркениет Бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басым-бағыттарын түсіндірді.

— Президент халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруды назардан тыс қалдырған емес. Жасыратыны жоқ, көп отандастарымыз қаржыны қалай басқару керектігін, «несие» ұғымының астарында не жатқанын нақты біле бермейді. Соның салдарынан адамдардың банк пен микроқаржы ұйымдарына берешектері көп. Сондықтан, «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасын 8 облыста табысты жүзеге асырып келеді. Мемлекет басшысы бұл жобаның игілігін бүкіл ел көру керегін айтып, оның ауқымын үкіметпен бірлесіп кеңейтуді тапсырды. Бұл бастама әрі қарай да белсенді түрде жалғасып, нәтижелі жұмыс көрсететін болады, — деді Ж.Бектаева.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.