Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБас мақалаБилік және халық

ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫ ЖОЛДАУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ СҰХБАТ БЕРДІ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қошанов Ерлан Жақанұлы «Qazaqstan» арнасының «Басты тақырып» бағдарламасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында Ерлан Жақанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын кеңінен түсіндіріп, алдағы межелі міндеттер мен атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Мәселен, Президент қолдаған «Қарызсыз қоғам» жобасы ауқымын кеңейтіп, республика бойынша жүргізілетінін және Жолдаудың жүйелі жүзеге асуында партияластар алдыңғы қатарда болатынын жеткізді.

Ерлан Жақанұлы «AMANAT» партиясының ауыл тұрғындарының табысын көтеруге бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының аясында атқарылған істер және халық игілігін көріп жатқан 2,5% несие туралы да айтты.

Сондай-ақ, ауылдағы ағайын мал өсіріп, егін егу үшін жағдай жасалу керектігіне тоқталды. Осыған орай, пайдаланылмай жатқан, заңсыз берілген жерді мемлекет меншігіне қайтаруды мақсат еткен «Жер аманаты» комиссиясы 8 млн га жерді қайтаруға ықпал еткенін айтты. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.

Жанар БЕКТАЕВА
мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы

Ұқсас жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ «СЕРВИСТІК ӘКІМДІК» КЕЛЕС АУДАНЫНДА АШЫЛДЫ

admin

ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

admin